Көптілділік

2019 жылдың 26 желтоқсанында біздің колледжде көптілді "Полиглот" байқауының бірінші кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты-дарынды студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, көптілді білім беруге деген ынтасын арттыру. Ағылшын тілінің оқытушысы Т. А. Фелькер айтқандай, осындай іс-шараларды өткізу студенттердің оқитын тілдердегі мәдениет пен көркем мұраны үйренуге қызығушылығын арттырады.

Көптілді білім беруді дамыту аясында 2019 жылы 13 желтоқсанда Екібастұз политехникалық колледжінде "Білімпаздардың шайқасы"атты аймақтық студенттік зияткерлік ойыны өтті. Ойынның мақсаты-студенттердің интеллектуалдық әлеуетін белсенді шығармашылық қызметке тарту арқылы жүзеге асыру.

Жарысқа Павлодар облысының 18 колледжінің студенттері қатысты. Біздің оқу орнымызды "Ақпараттық жүйелер" мамандығының студенті Кекина Елена таныстырды.

Ойын үш кезеңнен тұрды: тіл біліміне тестілеу, "интеллектуалдық сайыс" викторинасы және шешендік өнер сайысы.

Жарыстың барлық кезеңдерінде Елена өзін лайықты көрсетті: тілдерді жақсы білетіндігін көрсетіп, финалға шығып, 3 орынға ие болды.

        2018 жылы 25 желтоқсанда көптілді білім беруді енгізу және жүзеге асыру аясында Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжінде ағылшын тілін білу деңгейін анықтау мақсатында инженер-педагогикалық ұжым тестілуеден өтті.

        Енженер-педагог кадрлар қатарынан 110 адам тест тапсырды.

 

        «Аттестаттау – 2019» бағдарламасын орындау шеңберінде 29 қарашада колледждің лигафон кабинетінде еуропа жастарының мәселесі бойынша пікірсайыс өткізілді. Пікірсайысты жоғары санаттағы оқытушы Деревянко Л.Г. ПД-316 және ПД-217 топ студенттерімен бірге дайындады.

 

        Бағдарлама жүргізуші, ПД-316 тобының студенті Кромм Давид тақырыпты талқылау үшін Бельгия, Гремания, Ұлыбритания, Италия, Франция елдеріндегі газет, журнал, телеарналарда жастар айдарын жүргізетін «журналисттерді» шақырды. «Журналисттердің» сұрақтарына сол елдердегі жастар ұйымдарының «өкілдері» жауап берді. Қыза талқыланған мәселелер жастардың көші-қон, жұмысқа орналасу, салауатты өмір салты, адамгершілік тақырыптарына қатысты болды.

27 сәуірде Павлодар түсті металлургия колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында ІV облыстық көптілділік олимпиадасы өткізілді.

Осындай бағыттағы іс-шараның міндеттері кадрларды даярлау жүйесінде көптілді және көпмәдениетті білімді дамыту; көптілді және көпмәдениетті білім негізінде облыс колледждері студенттерінің жеке және кәсіптік әлеуетін ашу; болашақ мамандардың мәдениетаралық коммуникациясы дағдысын кеңейтуге арналған жағымды орта қалыптастыру.

Қазақстанда болып жатқан интеграциялық үрдістер ағылшын тілінің дамуына әкеліп, қоғамның барлық салаларындағы қолданысына әсер етті.

ИнЕУ колледжінде бұл үрдіске белсенді қатысатындар гуманитарлық бөлімнің «Аударма ісі» және «Бастауыш білім» мамандығының студенттері болып табылады. 12 наурыз бен 16 наурыз аралығында өткен шетел тілдері апталығында студенттер ағылшын тілін тәжірибе жүзінде кеңінен пайдаланды. Апталық бағдарламасына әдеби кеш, аудармашылар конкурсы, «Quiz Monster» интеллектуалдық викторинасы, «Қазақстанның болашағы - біздің қолымызда» Форумы және ағылшын тілі бойынша колледжішілік олимпиада енді.

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Оқытушыға 

Ата-анаға 


« Наурыз 2020 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қазір 250 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2020 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931