Оқуға қабылдау

Азаматтарды ИнЕУ Жоғары Колледжінің оқушылар құрамына енгізу сайыс негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

ИнЕУ Жоғары Колледжіне Орта буынды мамандарды даярлауды қарастыратын, техникалық және кәсіби білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша қабылдау:

1. күндізгі оқу түріне 25 тамыздан 28 тамызға дейін сайыс түрінде;

2. кешкі және сырттай оқу түріне 15 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Сайыс өткізіледі:

- ағымдағы жылдың бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысу қорытындылары бойынша берілген сертификат балдары негізінде (бұдан әрі БҰТ);

- Қазақстан Республикасының ЖОО-на түсу үшін кешенді тестілеу түрінде өткізілген кіріс емтихандар қорытындылары бойынша берілген сертификат балдары негізінде;

- ИнЕУ Жоғары Колледжі өткізген тестілеу формасында немесе пәндерден кіріс емтихандары қорытындылары бойынша берілген ұпай (бағалар) негізінде.

Қабылдауға сайысты өткізу кезінде БҰТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннен ұпай сомасы есепке алынады.

Кіріс емтихандарын өткізу кезінде:

1) тест түрінде әр пәннен тест тапсырмалары 25 сұрақ көлемінде белгіленеді. Әр тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Үш пәннен тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пәннен 1 сағ. 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптардың коды тестілеу аяқталғаннан кейін ілінеді. Тестілеудің қорытындылары тестілеу өткен күні жарияланады.

2) емтихан түрінде кіріс емтихандары қорытындылары бойынша алған «3», «4», «5» бағалар қабылдау комиссиясымен келесі шкала бойынша аударылады: «3»- 8 балл, «4»- 17 балл, «5»- 25 балл.

Оқушылар құрамына енгізілуіне сайысқа қатысуға рұқсат етілмейді:

  1. негізгі жалпы білімі бар азаматтары үшін- екі пәннен 20 ұпайдан кем алғандар, білім беру, экономика мамандықтарынан 25 ұпайдан кем алғандар.

  2. орта жалпы білімі бар азаматтар үшін- үш пәннен 30 ұпайдан кем алғандар, білім беру, экономика мамандықтарынан 35 ұпайдан кем алғандар.

Талапкерлерді 2020-2021 оқу жылына студенттер құрамына қабылдау 28-29 тамызда сағат 10:00, 2 корпуста өткізіледі.

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Оқытушыға 

Ата-анаға 


« Шілде 2020 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қазір 582 қонақ және бір тіркелген қолданушы сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2020 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931