Жаңалықтар

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының майданына шақырылып, 1943 жылы хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгер Петр Федорович Бойцовтың мүрделерін Мәскеудің іздеу жасағы наурыз айында Ресейдің Смоленск облысында тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Майдангер Петр Бойцовтың сүйектері Смоленск облысының Ельнин ауданында Мәскеуден келген «Застава Святого Ильи Муромца» атты ресейлік іздеу тобымен табылды.

Жауынгердің жеке медальоны табылды. Әскери қызметшінің жеке басын тану Мәскеу жасағының командирі Андрей Фетисовтың жүргізген сараптамасының арқасында мүмкін болды- деп атап өтті "Майдан жолы" павлодарлық іздестіру жасағының командирі Александр Шитов . Нысанда Федосья Бойцовтың туысы көрсетілген. Жеке заттардан гильзадағы қарындаш, ұстара және пышақ сақталған.

10 маусымда ИнЕУ жоғары колледжінің ақпараттық технологиялар бөлімінде онлайн режимінде бірінші мемлекеттік емтихан өтті. "Құқықтану" мамандығының П-317 бітіруші тобының студенттері " Ізашарлар" атанды. Болашақ заңгерлердің емтиханын Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы К. Т. Сұлтанов қабылдады. Төраға студенттердің дайындық деңгейін жақсы атап өтті, ең үздік деп Құдабай Тоқбергенұлы Дробышева Александраны атады. Бірінші сынақ өтті, балаларға келесі емтихандарға сәттілік тілейміз!

Академиялық адалдық қағидаларын сақтау студенттерді көшіру арқылы алуға болмайтын мықты білімге қол жеткізудің маңызды факторы болып табылады.COVID-2019 індетінің таралуына және карантин енгізілуіне байланысты онлайн-оқытуға көшу қажеттілігі туындады. Біздің колледжіміз мұны сәтті орындады. Біздің  колледждің студенті Титов Александр (ВТиПО-317 тобы) жаңа міндет – академиялық әділ қорытынды және аралық аттестацияны өткізуді шешуге көмектесті. Ол прокторинг қосымшасын әзірледі (тест немесе онлайн - режимде емтихан бақылауға мүмкіндік беретін прокторинг-жүйе). Бағдарламаның басты ерекшелігі-тестілеу қосымша тіркеуден  өтіп, тест тапсыру барысында бейнебақылау жүріп жатады. Қосымша онлайн-емтихандарды өткізу тәжірибесінде тек колледж ғана емес, сонымен қатар университет те қолданылады.
Біздің студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және біздің колледжде дарынды балалардың білім алатынына тағы да көз жеткіземіз.

 

"Музыкалық және бейнелеу өнері саласындағы Павлодар өңірінің мәдени мұрасы-замандастың көзқарасы" атты облыстық ғылыми - тәжірибелік конференция "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар музыкалық колледжі Павлодар облысының мәдениет басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды және өткізді. Секция жұмысы екі бағытта жүргізілді: музыкалық және бейнелеу өнері.

Біздің оқу орынынан конференцияға "Дизайн" мамандығының студенттері Калашникова Наталья, Шевцова Валерия, Иманкулова Азиза және Воронов Виталий қатысты. Ғылыми және шығармашылық жұмыстарды дайындау жоғары санатты оқытушы Е. И. Юминованың жетекшілігімен өтті.

Карантинға байланысты конференция онлайн режимде өтті. Қатысушылардың әрқайсысы конференцияға бейне ролик және жоба фотосуретін ұсынды.

ИнЕУ жоғары колледжінің Гуманитарлық бөлімінің студенттері ұлы Абайдың мерейтойына арналған "Парасаттылық сағаты" республикалық акциясына қатысты. Акцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі ұйымдастырды.

 

Бөлім топтарында агенттік ұсынған видеодәрісті қарау және талқылау өтті. Талқылау барысында студенттер Абай еңбектерінен көп нәрсе алатынын атап өтті. Ол жастарды адал, парасатты және еңбекқор, мейірімді және қайырымды болуға, үздіксіз дамуға ұмтылуға шақырды. Сондай-ақ , біліммен қаруланып, өзіңе сенімді болуға, шеберлікке ұмтылуға жетеледі.

Біздің колледждің көптеген студенттері әртүрлі спорт түрлері бойынша қала мен облыстың құрама командаларының мүшелері, сондықтан карантин күндері де спорттық қалыпты ұстау оларға өте қажет.

"Дене шынықтыру және спорт" мамандығының студенті Михаил Гулый спорт жабдықтарының орнына үй құрал-жабдықтарын пайдалана отырып жаттығу, спорттық құралдардың сапасынан кем түспейтіндігіне және алдағы жарыстарға дайындалуға көмектесетініне сенімді. Михаил құрдастарын карантин кезінде ғылымды ғана игеріп қоймай, сонымен қатар дене жаттығуларымен белсенді айналысуға шақырады. Оның айтуынша: жақсы жаттығудан кейін теориялық сабақтар өте сәтті өтеді

Үй жағдайында спорттық жаттығулар марафонын ИнЕУ ЖК гуманитарлық бөлімінің спортшылары жалғастыруда. Барлық жастар бұлшық еттері нығайған, сырт мүсіні тартымды болғысы келеді. Бір жағынан, мұндай құлшыныс мақтауға тұрарлық, ал екінші жағынан, көп ынта мен аз тәжірибе болған кезде, сіз өзіңізге зиян тигізе аласыз.

"Сәл негізгі білім, ең төменгі спорттық және қол астындағы құрал-жабдықтар, жүйелі жаттығулар мен біраз қиял өз ісін жасайды,-деп есептейді спорттық акробатика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Руслан Шкурин (ФС - 416 тобы), - егер үйде спорттық жабдықтар болмаса-мүмкін болғанның бәрін бейімдейміз. Мысалы, қарапайым табуретті спорттық жабдық ретінде қолдана отырып, бицепсті үлкейтуге болады.

Руслан түсірген бейне-роликтерді көруге кеңес береміз. Әрине, бұл кеңестер сіз үшін бәрін жасамайды, бірақ бұл мақсатқа алғашқы қадамдар: кеңестерді тыңдаңыз, ақпаратты сауатты қолданыңыз және нәтижелері өзін көп күттірмейді. Айта кету керек: жаттығулар бақыт гормондарын (эндорфиндерді) жасауға ықпал етеді, соның арқасында депрессияның даму қаупі мен торығу жағдайы азаяды. Сонымен қатар, тұрақты спорттық жүктемелер адамды зиянды әдеттерсіз салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.

Бүгін ИнЕУ-дің бір бөлігі және серіктесі бола отырып, сіз өз университетіңіздің оқиғаларынан хабардар боласыз. Бұл болашақта Альма матер қабырғаларында түлектердің жылу кездесулерін өткізуге, тренингтерге және қонақ дәрістеріне қатысуға, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға және т. б. мүмкіндік береді! ИнЕУ тарихын бірге жасайық, өйткені ЖОО-бұл сіздердің әрқайсысыңыз, біз бір үлкен ұжымбыз!

Инновациялық Еуразия университеті консорциумының қауымдастығына енудің барлық шарттарын сайтта көресіз: http://vypusknik.ineu.kz немесе http://ineu.kz/associacija-vypusknikov.html

Page 1 of 96

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Оқытушыға 

Ата-анаға 


« Шілде 2020 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қазір 528 қонақ және бір тіркелген қолданушы сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2020 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931