Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің IV Республикалық заң ғылыми – практикалық конференциясы

"Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекет пен қоғамның тұрақты даму негізі" атты мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің IV Республикалық заң ғылыми – практикалық конференциясы ИнЕУ колледжінде ағымдағы жылдың 27 ақпанынан 3 наурызы аралығында өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Маусымбекова А.Ж. бастамасымен ИнЕУ колледжінің заң пәндері циклдық әдістемелік комиссия мүшелері болып табылады.

Алты бағыт бойынша үздік жұмыс байқауына: Азаматтық құқық, Отбасы құқығы, азаматтық процесс; қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық атқару құқығы, қылмыстық процесс; Мемлекеттік-құқықтық; әлеуметтік-гуманитарлық; әлеуметтік-экономикалық, медиация, сот құрылысы, прокурорлық қадағалау, адвокатура - 605 ғылыми баяндама ұсынылды.

 

Қазылар алқасы ретінде Павлодар қаласының оқу орындарының үздік өкілдері, сондай-ақ ИнЕУ жоғары колледжінің әлеуметтік серіктестері шақырылды. Әділ-қазы мүшелері: "Азаматтық құқық, Отбасы құқығы, азаматтық процесс" секциясы - А. К. Қыдыралинова, заң ғылымдарының магистрі, Инновациялық Еуразия университетінің "Құқық" кафедрасының аға оқытушысы; "Қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық атқару құқығы, қылмыстық процесс" секциясы - Т. Н. Шомшекова – адвокат, Павлодар облысының облыстық адвокаттар алқасы; "Мемлекеттік-құқықтық" секциясы-Г. Ж. Елмұратов, саяси ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ "Басқару және саясаттану" кафедрасының профессоры. "Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар" секциясы – Б. Ш. Рахматулла, тарих ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің "Педагогика және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының профессоры, А. Т. Ташимова, Педагогика және психология магистрі, Инновациялық Еуразия университетінің "Педагогика және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының аға оқытушысы; "әлеуметтік-экономикалық ғылымдар" секциясы - Қалиаскарова Айгүл Жұмажанқызы – экономика ғылымдарының магистрі, "Бизнес және басқару" кафедрасының аға оқытушысы; "Медиация, сот құрылысы, прокурорлық қадағалау, адвокатура" секциясы - Николашина О. Л. – Павлодар облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ медиация орталығының жетекшісі.

Конференцияның құрметті қонағы ИнЕУ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім беру академиясының академигі, Павлодар облыстық сотының соттарымен өзара іс - қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Құрметті судьясы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Павлодар қаласы мен Павлодар облысының би кеңесінің төрағасы, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, ҚР сот жүйесінің ардагері А. Ш. Хамзин болды.

Конференция келесі форматта өтті: 27 ақпан 2020 жыл – TrueConf бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн-сөз сөйлеу, сервис біздің серіктес "Труконф" ЖШҚ ұсынды, 28 ақпан 2020 жыл - республиканың басқа аймақтарынан қатысушылар үшін конференцияның негізгі бөлігі 3 наурыз 2020 жыл - конференцияның негізгі бөлігі.

Оқушылар мен студенттердің ғылыми форумының пленарлық отырысы біздің оқу орнының бірінші басшысының сөз сөйлеуінен басталды. Ол дамудың қазіргі кезеңінде қазақстандық білім беру оның ғылыммен тығыз, органикалық байланысында экономикалық өсудің, мемлекет экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың неғұрлым қуатты қозғаушы күшіне айналғанын, бұл оны Ұлттық қауіпсіздік пен елдің әл- ауқатының, әрбір азаматтың амандығының аса маңызды факторларының біріне айналдыратынын атап өтті . Ш. А. Тәженов конференция жұмысына сәттілік және қатысушыларға шығармашылық жеңістер тіледі

Үшінші жұмыс күнінің соңында конференцияға қатысушылар қорытынды шығару мен жеңімпаздарды жариялау үшін жиналды. Қазылар алқасының мүшелері ғылыми форумының онлайн-бөліміне белсенді ат салысқан Ақмола, Орал, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай,

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстары, Щучинск қаласы өкілдерін атап өтті.

Онлайн-конференция жұмысының нәтижесі бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Конференцияның негізгі бөліміне Павлодар қаласының 310 оқушысы мен студенттері қатысты.

Заң және әлеуметтік пәндер конференциясы өз жұмысын аяқтады. Оны қорытындылай келе, А. Ш. Хамзин жүлделі орындарға ие болған жұмыстардың жоғары ғылыми деңгейін және іс- шараның сауатты ұйымдастырылғанын атап өтті.

Ғылыми форумның жұмысын аяқтай отырып, колледж басшысы Ш. А. Тәженов келесі оқу жылында заң және әлеуметтік пәндер конференциясы өз жұмысын жалғастыратынын айтты және қатысушыларды оған белсенді қатысуға шақырды.

Медиа


Защитный код
Обновить

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Оқытушыға 

Ата-анаға 


« Наурыз 2020 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2020 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931