Л. С. Ахметованың кітабының тұсаукесері "Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз»

ИнЕУ Жоғары колледжі 2020 жылдың 6 мамырында Жеңістің 75 жылдығына арналған , тарих ғылымдарының докторы, профессор Лайлы Сейсембекқызы Ахметованың «Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» атты кітабының тұсаукесерін ұсынып, онлайн конференция ұйымдастырды. Конференцияны ИнЕУ ЖК директоры Ш. А. Таженов ашты. Ол барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, қатысушылардың назарын жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге арналған керемет материал ретінде кітап мазмұнына аударды.

Л. С. Ахметова кітапты таныстыра отырып, монографияның жасалуына орасан зор іздеу, зерттеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. "Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!" негізінен Панфилов дивизиясының бірінші құрамы туралы әңгімелейді.

 

"Майдан Жолы" Павлодарлық іздестіру - зерттеу жасағының командирі А. В. Шитов соғыс жылдарында қаза тапқандарды мәңгі есте сақтау бойынша іздестіру жұмыстарының маңыздылығы туралы айтып берді.

Көптеген деректер бірегей, олар кеңестік және қазіргі кезеңдегі тарихи ақпараттарды толықтырады және түзетеді. Бұл туралы қоғам қайраткері Қамзин Жұмабек Жүкенұлы айтты

Көкшетау қаласындағы «Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесінің президенті Уразалин Ғалым Төлегенұлы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы болып табылатын оқу орындарындағы мұражайлар мен әскери даңқ бұрыштарының рөлін атап өтті.

Көкшетаудағы «Көкше-Іздеу» әскери-патриоттық іздеу клубы басшысының орынбасары Сыздықова Алтыншаш Асқарқызы ізденушілік және зерттеу жұмыстарына жаңа серпін беретін осындай айтулы конференцияға қатысу мүмкіндігін бергені үшін алғысын білдірді.

ИнЕУ ЖК студенттік Кеңесінің мүшесі Хероим Ирина кітап авторына алғыс білдіріп, бұл кітап оның қазақстандықтардың соғысқа қатысу тарихын тереңірек зерттеуге көмектесетінін атап өтті

Конференцияны қорытындылай келе, Павлодар облысы білім беру басқармасының маманы Кәрібаева Салтанат Серікқызы соғыс және еңбек ардагерлерін және барлық қатысушыларды Жеңіс мерейтойымен құттықтап, тек қатаң ғылыми және тарихи фактілерге негізделген "Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз" атты туындылар соғыс нәтижесін ешкімге бұрмалауға мүмкіндік бермейтінін, жас ұрпаққа соғыс туралы және соғыс кезіндегі адамдар туралы қажетті білім беруге мүмкіндік береді.

Конференцияның барлық қатысушылары профессор Ләйлә Сейсембекқызы Ахметоваға «Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабы үшін алғыс білдірді және конференцияның жоғары деңгейін, оның Қазақстан Республикасының жас азаматтарын азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі жастар саясатын жүзеге асырудағы маңыздылығын атап өтті.

 

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары: Апаева Ж. К.

3.png2.png1.jpg4.png

 


Защитный код
Обновить

ИнЕУ 

Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Оқытушыға 

Ата-анаға 


« Мамыр 2020 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қазір 700 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 






 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы әкімдігінің сайты Мемлекеттік портал Павлодар облысының Білім беру басқармасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы.  «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Мемлекеттік рәміздер ЭКСПО Астана 2017 Серпін Рұхани Жаңғыру G-Global Электрондық еңбек биржасы Болашаққа көзқарас
 
© 2020 ИнЕУ. Барлық құқықтары қорғалған.

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш. 45, +7(7182)67-30-70, +7(7182)67-30-50

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #126f10770 #180413192931